Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында Бұдабай Қабылұлының туғанына – 180 жылдығына орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Телікөл ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен, Ә.Тәжібаев ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Өзге сөзден өлеңге ұста Бұдабай» атты жас жазба ақындардың мүшәйрасы өтті.

Шарада Телікөл ауылдық округі әкімі Әлібек Сәрсенбаев сөз сөйлеп, жас ақындарға сәттілік тіледі. Әдеби байқауға аудандық оқушылар үйі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахметулла Жолтаев, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлдана Жақыпова, Б.Қабылұлы атындағы мәдени шығармашылық орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі Гүлшат Шайзадақызы қатысып, қазылық етті.

Байқауға ұшқыр қаламынан жырдың сұлу тамшылары төгілген ақиық ақындардың жолын қуып, өнер әлемінде қалықтағысы келетін, келешегінен үміт күттіретін мектеп қабырғасында білім алып жүрген талантты жазба ақындар қатысты.

Аудандық жас ақындар мүшәйрасы мәресіне жетіп, әділқазылардың шешімен бас жүлдеге Ақсамал Тұрсын лайық деп танылды. Бірінші орынға Гүлназым Кәрімова ие болды. Ал екінші орынға қол созған Гүлім Болатова мен үшінші орынды түйіндеген Жанерке Фазылова мен Нұрсауле Пірмағанбет алғыс хат пен арнайы сыйлыққа ие болды.

Жас ақындардың керемет кешіне куә болған көрермендер жоғары көңіл-күйде тарқасты. 
4.jpg

Тағы да оқыңыз: