Kyzylorda-news.kz. Б.Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдениет үйінде әнші-композитор, «Құрмет» орденінің иегері, «ҚР еңбек сіңірген қызметкері» Әлмырза Ноғайбаевтың 75 жасқа толу мерейтойына орай республикалық дәстүрлі әншілер фестивалі өтті.

Фестивальді ашып беру құрметіне ие болған аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Жағыпбаров Әлмырза Әліұлына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы құттықтауын табыстады. 

Кеш барысында Әлмырза Әліұлы мен «Мәдениет майталманы» белгісінің игері Хайдар Өтеғалиевке шапан жабылып, лайықты құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен оннан астам дәстүрлі әншілер қатысты. Өнер иелері Әлмырза Ноғайбаевтың әндері мен өзге де композиторлардың әндерінен шашу шашты. Мұнан бөлек, кеште Әлмырза Әліұлының өзі де ән шырқап, жиылған қауымның ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді. 

Айта кетейік, Әлмырза Ноғайбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері. Ол Алматы қаласындағы эстрада студиясын (қазіргі эстрада-цирк өнері колледжі) Ғ.Құрманғалиевтың әншілер класы бойынша бітірген. 1967 жылы Қарағанды мемлекеттік филормониясының әншісі. 1997 жылдан Шиелі ауданы Балаби аудандық мәдениет үйінің директоры. 1977 жылы «Жас дәурен» ансамблі құрамында Португалияда өткен Халықаралық фольклорлық фестивальға қатысты. 1998 жылы Ашғабадта өткен Азия және Қазақстан әнші-сазгерлері фестивалінде бас жүлде алды. Композитор 60-қа жуық ән жазған, оның ішінде «Думан», «Бір үзім нан», «Ләйләжан», «Қара мең», т.б. әндері кең тараған. 

319892843_858943688590598_5916425302354842131_n.jpg
319940385_1295843967841431_5621886886741404197_n.jpg

Тағы да оқыңыз: