Kyzylorda-news.kz Ресейлік музыкант Максим Фадеев Қуандық Бишімбаевтың қолынан мерт болған Салтанат Нүкеноваға арнап ән шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол 23 мамырда Instagram желісінде Salta деп аталатын әннің үзіндісін бөлісті. Ән 31 мамырда жарық көреді екен.

"Салта 31 мамыр. Оның ғұмыры жалғасын тапсын. Музыкада.", – деп жазды Максим Фадеев.

Марқұмның ағасы мен әпкесі туынды үшін алғыс айтты.

“Салта, Салта, үнсіздік айқайдан да қаттырақ” делінген әннің үзіндісінде.

Қазақстандықтар бұл әнге өз пікірлерін білдірді.

"Максим, мен барлық қазақ әйелдерінің атынан рахмет!”,  "Бұл ән Бишімбаевқа тағы бір соққы жасады”, "Рахмет, Максим! Қазақстан әннің не туралы екенін бірден түсінді!", "Салтанат бүкіл әйелдер үшін еркіндіктің символына айналды" деді желідегілер.

Еске салайық, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен 2023 жылы 9 қарашада ұсталған еді. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры Бақытжан Байжанов та тұтқындалды. Олардың сот отырысы 2024 жылы 27 наурыздан басталып 10 мамырға дейін жалғасып, ашық түрде өтті.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін айыпталған.

Тағы да оқыңыз: