Қызылордада жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды

29.11.2019, 17:20

128 0

Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қуаныш Ысқақов «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттады.

Облыстық жастар ресурстық орталығында Жастар жылы аясында аймақтағы шығармашыл жастардың шабытын шыңдау мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды.

Жас ақын Бейбіт Нұрдәулет:

«Ешкім жоқ ақиқаттан асқан әлі,

Ақиқат адалдықтың бас қадамы.

Үміт артсаң қол созып ертеңіңе,

Ертеңгі күн бүгіннен басталады» – деп жырлағандай, шараның мақсаты жастар бойында адалдық пен сенімділікті, парасаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, жас ақындар шығармашылығына қолдау болды.

Жеңімпаздарды марапаттау сәтінде Алик Шпекбаев: «Ақыл – жастан, асыл – тастан дегендей, ақыл да, тың идея да жастардан бастау алады. Демек, жемқорлықсыз, жаңа тұрпатты қоғам құру жастардың қолында», – деді.

Шынымен де, мыңжылдығын ойлаған ел саналы ұрпақ тәрбиелейтіні анық.

Мүшәйра қорытындысымен жас ақындар шығармаларын жинақтап, баспаға ұсынып көлемді данада шағын кітапша шығарып, халық арасында парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау жоспарлануда.

0

Пікір қалдыру