Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Ақжарма ауылдық округі Баймұрат батыр ауылында жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Заманауи талаптарға сай бой көтерген бұл ғимаратта, 150 орындық көрермен залы, кітапхана, үйірме, хореография залдары, ардаргерлер бөлмесі, тағы басқа ауыл тұрғындарының мәдени демалысына қажетті мүмкіндіктер қарастырылған.

Жалпы құны 272 млн. теңге болатын бұл ғимрат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңыда ауыл тұрғындарына үлкен тарту болған Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы қатысып, барша ауыл тұрғындарын айтулы қуаныштарымен құттықтады.

«Бұл нысан, алдағы уақытта ауыл халқының рухани сұранысын қанағаттандырып, ұлттық өнерімізді ұлықтап және осы ауылдың өнерпаз жастарын жұлдызын жағатын, тек бір ауылдың ғана тұтас өңіріміздің рухани өмірін өркендетуге септігі бол мәдениет ошағы боларына сенімдімін. Себебі, өнер – кез келген елдің руханияты мен мәдениетінің, дәстүрі мен салтының, ұлттық болмысының өлшемі», – деді қала әкімі.

Алдағы уақытта, бұл мәдениет үйінде ән, би, «Сыр Орда» ВАА, «Көркемсөз» мәнерлеп оқу, «Сәулем-ай» әжелер ансамблі, «Домбыра» секілді 6 үйірме жұмыс жасап, 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Тағы да оқыңыз: