Kyzylorda-news.kz. Тұңғыш Президент күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі ашылды.

«Ұшқан ұя ұлағаты» деп аталатын 1-бөлімде оқырмандар Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы мен өскен ортасы туралы деректермен танысты. Одан бөлек, «Дәуірдің дара тұлғасы», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Елбасы және Елорда» атты бөлімдерде бейбіт өмір, қоғамдық келісім, саяси-экономикалық тұрақтылық орнатқан Ұлт көшбасшысына арналған отандық және шетелдік авторлардың жазбалары қойылған. Жалпы кітапхана қорында Тұңғыш Президенттің тәуелсіздікті тұғырлы, егемендікті еңселі ету кезеңдері қамтылған 125 аталым бойынша 900 дана әдебиет бар. Көрмеге келген сырбойылықтар әсіресе, жергілікті публицист жазушы Айтбай Сәулебектің «Құрыш тұлға» кітабы мен «Көш бастаған Елбасы» атты фотоальбомдар жинағына қызығушылық танытты.

«Бұл тарихи-танымдық кітапта Елбасының әріптестері, замандастары мен үзеңгілес достарының естеліктері мен ой-толғаулары топтастырылған. Жалпы біз қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты бағалауымыз керек. Бейбіт өмір арқасында рухты жастар тәрбиелеп отырмыз. Тұңғыш Президенттің болмысы мен ерен еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі болуы тиіс», – дейді Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова.

Тағы да оқыңыз: