Kyzylorda-news.kz.  Қызылордада «Балалар жылы» аясында Н. Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында «Өнер қуған өрендер» атты концерт өтті.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен мәдени шараға аймақтағы көркемөнер үйірмелерінің 200-ден аса тәрбиеленушісі қатысты.

Концертке облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысып, жас өрендерге лебізін білдіріп, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Сахнада жас жыршылар мен дәстүрлі орындаушылар, фольклорлық ансамбльдер, бишілер мен күйшілер, вокалдық орындаушылар мен өңірімізде тұңғыш рет жұмысын бастаған балет студиясының өрендері өнер көрсетті.

Тағы да оқыңыз: