Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы 75 шығарманы тоқтамастан бір демде жатқа орындап, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық өнерді насихаттауға арналған кеште қазақ және шетел авторларының шығармалары орындалды.

Өнерпаздар 4 сағат бойы көрермендер алдында өз шеберліктерін паш етті. Домбыра мен сырнайда, қобыз бен жетігенде, дауылпаздан төгілген сазға көпшілік сүйсініп, орындаушылардың өнеріне баға берісті. «Қорқыт» ансамбліне  жетістіктері жазылған арнайы сертификат салтанатты түрде табысталды.

«Қорқыт» ансамблі әлем деңгейінде болмаған көрсеткішке ие болып отыр. Сондықтан біз, әрине, қуануымыз керек. Өзіңіз көрдіңіздер, біз біраз алқастық, телефонмен, әріптестерімізбен, басшыларымызбен. Нәтижесінде сертификатты беруді ұйғардық», – Қазақстан рекордтар кітабының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Тағы да оқыңыз: