Kyzylorda-news.kz. Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 750 жылдығы мен қазақ мемлекетінің нығаюына, қазақ жерін басқыншылардан қорғап, жерін сақтап қалуда ерен ерлік көрсеткен халық батыры Ақтан Ақайұлының 250 жылдығына орай Роза Бағланова атындағы Қазалы ауданындық мәдениет орталығында «Бабалар сөзі-даналар көзі» атты дастан орындаушы жыршы-жыраулардың облыстық фестивалі өтті.

Аталған шараға облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласынан танымал 10 жыршы-жырау қатысты. Фестивальде түркі халықтарына ортақ «Көрғұлы», «Күлтегін» және Н.Қосшанұлының «Сартай батыр», Кете Жүсіптің «Сұр мерген», Сәрсенбай жыраудың «Мұңсыз хан», О.Сұлтановтың «Жанқожа батыр», З.Ибадуллаевтың «Түлкібай батыр» дастандары орындалды.

Фестивальде дастандар Сыр сүлейлерінің орындалмай жүрген мақам-саздарымен жырланды.

Тағы да оқыңыз: