Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық ішкі саясат бөлімі, “Қармақшы жастары” жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған “Ұрпаққа ұран болған-Ұлы жеңіс” атты облыстың онлайн жазба ақындар айтысы өз мәресіне жетті.

Айтулы шараға Қазалы, Шиелі, Сырдария, Қармақшы аудандарынан және Қызылорда қаласынан жыр жүйректері қатысты.

4 күн бойы фейсбук әлеуметтік желісінде халықтың көкейіндегі ойды дөп басып, қазіргі кезде елемізде болып жатқан жағдайларды жалынды жырларымен жүрекке жеткізді.

Бірінен-бірі асатын жас ақындардың бағындырар белестері мен алар асулары көп екіні, тартысты айтыстарынан аңғардық. Бәйге болғасын бірі озып, бірі қалып жатады. Елге белгілі Серік Ыдырысов, Берік Саймағанбетов, Арнұр Көшеней секілді ағаларымыз ақындарға қазылық етіп, таланттарға өз бағаларын берді.

Қазылар алқасының шешімімен:
Бас жүлдені
Қармақшылық Сырым Әділбеков қанжығасына байлады.

І орынды Сырдариялық Төрехан Совет, ІІ орын – Мөлдір Айтбай Кызылорда қаласы. ІІІ орын – Тұрар Бекмұрзаев Қармақшы ауданы.

Жауынгер, ақын Ә.Егізбаев атындағы арнайы жүлдемен Қазалылық Ғабит Кәдірбай, Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаев атындағы арнайы жүлдемен Бекжан Ержігіт /Шиелі ауданы/ марапатталды.

Ақындарға Қармақшы ауданы әкімдігінің атынан арнайы дипломдармен ақшалай сыйлық табысталды.

Тағы да оқыңыз: