Kyzylorda-news.kz  «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастырумен «Туған жерге тағзым» атты онкүндік аясында Сырдың біртуар азаматтарымен кездесу ұйымдастырылды. 

Жаңақорған ауданының тумасы, елімізге белгілі сазгер, әнші, ғалым Жаңақорған ауданының және Түркия мемлекеті Афион қаласының «Құрметті азаматы», Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивальдарының екі дүркін лауреаты, Республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты, Саратов қаласында өткен Жас сазгерлер байқауының жүлдегері, Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігімен ҚР мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері, Түркістан қаласындағы Қазақ-Түрік Халықаралық университетінің доценті, жүзге жуық әндердің авторы әрі орындаушысы Сауранбек Елеуов кездесті. 

Сондай-ақ Шиелі ауданының тумасы, Бүкіл одақтық, Республикалық ән-термеші байқауы «Жігер» фестивалінің лауреаты, Қызылорда облысының Қарақалпақ Республикасында өткен он күндігіне қатысушысы, термеші, мамандығы ауылшаруашылығының маманы болғанымен өнерді жанына серік еткен азамат Сәрсенбек Баймағамбетов колледж ұжымымен, студенттермен бас қосты.

Елімізге есімі әйгілі өнер қайраткелерінің шығармашылық кеші өте әсерлі өтті. Жанды дауыста ән тыңдаған көрермен қауым өз ризашылықтарын білдірді. 

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: