Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының өнер мектебінде Шиелі аудандық өнер мектебі, баян сыныбының аға оқытушысы Өскен Қалымбетовтың шығармашылық кеші өтті. Шығармашылық кешінде өзімен қатар өнер мектебіндегі шәкірттері, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде оқып жүрген түлектері де өз өнерлерін көрсетті.

Концертке қонақ ретінде "Құрмет" орденінің иегері, Тұрмағанбет атындағы ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері, Мәдениет саласының, білім беру ісінің үздігі, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің профессоры Кеуілімжай Ботабаев, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің аға оқытушысы, Мәдениет саласының үздігі Төлеген Каденов, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР мәдениет саласының үздігі, Сырдария ауданының "Құрметті азаматы" Сансызбай Сәдуақасұлы, көп жылдар бойы Шиелі өнер мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, Төңкеріс ауылдық өнер мектебінің директоры қызметтерін атқарған білім саласының Құрметті ардагері Мақсұт Досжанов қатысты.

Концерт өте жоғары деңгейде өтті. Көрермендер өнер мерекесін сыйлаған Өскен Серікбайұлына және оның шәкірттеріне өзы ыстық ықыласын, алғыстарын білдірді.

Тағы да оқыңыз: