Kyzylorda-news.kz  «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының шәкірттері өткен аптада табысты өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Орталықтың ең басты жаңалығы – өнерпаздарымыз ХХVI облыстық «Бозторғай» конкурсынан жүлделі орын алуы еді. Аудандық кезеңнен мүдірмей өткен Жетікөл ауылындағы «Нұр-Шапағат» және «Бесарық ауылындағы «Гүлсара», Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы «Айтұмар» би тобы, Айдарлы ауылындағы жас әнші Айша Жұмабай жүлделі шіркейлілік Шахмардан Жақсылық, ІІІ орынды иеленді. Ал нағилық Айбибі арнайы диплом иегері атанды.

Негізінен, би ұжымдары облыс бойынша 60 топтың ішінен үздіктер қатарынан табылды. Жалпы, «Нұр-Шапағат» би тобы «Құрбылар», «Гүлсара», би тобы мен «Айтұмар» би тобы қазақ биінен қойылым ұсынды.

– Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жұмысын бастаған «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының шәкірттері бұл жолы кезекті рет мықты, майталман бишілермен облыстық байқауда бақ сынасты. Әрине, деңгейі жоғары байқаудан жүлделі орыннан көріну арқылы өнерпаздарымыз мерейімізді тасытты. Бұл ретте, ұстаздар еңбегін лайықты түрде бағалаймыз. Ыждағаттылық пен тұрақтылық негізін бүгінгі байқаудың нәтижесінен байқаймыз. Алдағы уақытта білікті ұстаздардың жұмысына сәттілік тілейміз, – деді орталық құрылтайшысы Анар Қалдыбаева.

Айта кетейік, би ұжымдары мен «Эстрадалық вокаль» "Домбырамен ән салу" үйірмесінің жетекшісі – Шапағат Жарқынбек пен Аяулым Бекболатова, Қожаберген Дайырханов, Мақсұт Әбсадықов, Ботакөз Қалиасқарова.

Тағы да оқыңыз: