Kyzylorda-news.kz Елорданың «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан Astana Media Week-2024 апталығы шеңберінде отандық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» - 2024 Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды.
Ұлттық бәйге 12 номинация бойынша өткізілді. Байқауға барлығы 400 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстарды беделді журналистер мен медиа менеджерлерден құралған қазылар алқасы анықтады.
«ҮРКЕР» - 2024 Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 27 қыркүйек күні белгілі болды. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтті. Жеңімпаздарға «ҮРКЕР» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды. Жылдың үздік журналистік зерттеуі номинациясымен Нұрлыбек Рахманов – Sarapshy.info, Медеубаева Майра – inbusiness.kz, Бәйгенже Нұрлат – «Астана ақшамы» газеті, Теңізбаева Әлия – Tengrinews.kz иеленді.