Kyzylorda-news.kz Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалы өткізген онкүндік аясындағы шаралар жалғасуда. Достық үйінде «Нити культуры» ұлттық киім фестивалі өтті.
Іс-шараға «Қазақстанның орыс қауымы» ҚБ мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері және әжелер ансамблі қатысты.
Фестивалдің ашылуында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Артур Қамбаров сөз сөйлеп, Қазақстандағы этностардың мәдени, рухани және қоғамдық өмірдегі рөліне тоқталды.
Шара соңында фестивалге қатысушылар қауымдастықтың этносаралық татулықты нығайтуға, мәдени дәстүрлерді сақтауға қосқан үлесін сөз етті. Сонымен қатар, шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, түрлі этностардың киімдерін көрсетіп, әндерін тыңдап, мерекелік көңіл-күйге бөленді.