Kyzylorda-news.kz Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні қарсаңында Жалағаш ауданы тұрғындарының қатысуымен мерекелік шеру ұйымдастырылды.
Шеруге қатысушылар ұлттық нақыштағы киімдермен сәнденіп, өздерімен бірге дәстүрлі аспаптарды алып шықты. Жанды дауыста ән шырқалып, ұлттық өнердің үнін ашты.
Мерекелік шеру ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, келешек ұрпаққа салт-дәстүрімізді ұлықтау жолында маңызды қадам болып табылады.
Бұл шара тұрғындарға ұлттық киімдеріміздің ерекшелігі мен мәнін түсінуге және ұлттық құндылықтарымызды сақтауға зор үлес қосуда.