Kyzylorda-news.kz. Қазақтың айтыс өнеріне қарымды олжа салып, халықтың ықыласына бөленіп жүрген жерлесіміз, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов Халықаралық ақындар айтысында жүлделі бірінші орынды иеленді.

Айтыс Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Қатонқарағай ауданы кәсіпкерлері мен Толықпаевтар әулетінің демеушілігімен “Алтайдай жер қайда?” деген атаумен өтті. Ақынның айтулы жеңісі Сыр жұртшылығын бір серпілтіп тастады.

Ғасырдан ғасырға, атадан балаға, заманнан заманға ұласып келе жатқан асыл мұраны насихаттап, суырыпсалма ақындық дәстүрді дәріптеп, өз бойына біткен өнерге жас ақын-жыршыларды баулып жүрген Мұхтар Мәуленұлын жеңісімен құттықтаймыз!

Тағы да оқыңыз: