Kyzylorda-news.kz Әнші өзінің алған көлігін көрсетті.
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа көлік сатып алды. Ол бұл жаңалығын бірден Instagram парақшасындағы оқырмандарына хабарлап, таңдауы қандай темір тұлпарға түскенін көрсетті. Бұл туралы aikyn.kz хабарлады.
Эстрада жұлдызы жаңа көлігімен түскен видеосын жариялап, құттықтап жатқан көпшілікке алғысын білдірді.
"Құттықтағандарға жұғысты болсын", – деп жазды өнер иесі.
Белгілі болғандай, әншінің таңдауы Zeekr 001 автокөлігіне түскен. Бұл көлік Қазақстан нарығындағы орташа бағасы – 20 миллион теңге. Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызын жарыса құттықтап, оған ақ тілегін жолдады.