Kyzylorda-news.kz Наурыз мерекесі күндері облыста бірқатар мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Мереке күндері жедел жәрдем қызметінің 103 желісіне 6 934 шақырту түссе, ал «109 – Бірыңғай байланыс орталығына» 1 791 өтінім тіркелген. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс істеген мекемелердің жұмысы қорытындыланды.
– Облыс бойынша барлығы 85 жедел жәрдем тобы жұмыс атқарса, мереке күндері қарбалас сағаттарына қосымша 4 жедел жәрдем тобы қосылды. 21-25 наурыз күндері ауруханаға 1 679 науқас жеткізіліп, оның 754-і ауруханаға жатқызылды. Ал, жұқпалы аурулар ауруханасына қала бойынша 82 науқас тасымалданды. Сондай-ақ көмірқышқыл газымен уланғандар болған жоқ. Жалпы түскен шақырыстарға дер кезінде жету 98,1 пайызды құрады,- деді облыстық жедел-жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасар Ғалия Нұрсейітова.
21-25 наурыз аралығында аймақта жедел жағдай тұрақты өтті.
– Департаменттің құрылымдық бөлімдері 52 рет дабыл бойынша шығыстарға шығып, 7 техногенді сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Осы шығыстар барысында есігі құлыпталып қалған пәтер ішінен 11 адам құтқарылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Облыс және аудан орталықтарында ұйымдастырылған іс-шараларға кезекшілік ұйымдастырылды, нәтижесінде оқыс оқиғалар тіркелген жоқ,- деді Қызылорда облысы бойынша ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы Досжан Исабек.
«Жедел әрекет ету» орталығы екі функция бойынша жұмыс істейді.
– Мереке күндері «112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне» 1 613 хабарлама келіп түсті. Бұл қызмет бойынша 4 ауысымда 9 оператор жұмыс істеді. Тәулігіне өтініштерді қабылдау мен тіркеудің орташа статистикалық саны 322 өтінім болса, өтінімдердің орындалуы 100 пайызды құрады. Ал «109 – Бірыңғай байланыс орталығының» қызметіне түскен өтініштердің 1 746-сы орындалса, 45 өтінім жұмыс барысында. Орталықта 7 оператор 4 ауысым бойынша жұмыс істеді. Өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны 358-ді құрады,- деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің директоры Темірхан Мұқанғали.
Фото: Нұрболат Нұржаубай