Kyzylorda-news.kz. Республика күніне тарту ретінде Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі ашылып, ел игілігіне беріледі.
Сондай-ақ, Таң ауылында 30 төсек-орындық дәрігерлік амбулатория аудан тұрғындарына пайдалануға берілмек.
Айта кету керек, бұл нысанда 18 кабинет, оның ішінде 2 стационар кабинеті, 1 психолог кабинеті, 1 терапия кабинеті, 2 дәрігерге дейінгі қабылдау бөлмесі, 1 егу бөлмесі жасақталған.