Kyzylorda-news.kz  Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін аудан басшысы жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы» деп атап өтті. Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел топтасқан. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Гимн – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді және кеудемізге мақтаныш сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздер халықтың рухы мен айбатын білдіріп қана қоймай, сол мемлекеттің әлемдік өркениет көшіндегі орны мен деңгейін де белгілейді. Сол себепті, Елтаңба мен Көк Туға, Гимнге тағзым – тарихқа тағзым, оларға құрмет – елге құрмет. Тәуелсіз еліміздің Рәміздерін қадірлеу – Қазақстанды Отаным деп есептейтін әрбір азаматтың асыл парызы, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Салтанатты іс-шарада аудан дамуына үлес қосып жүрген азаматтар мен жастар облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара жастар арасында жүгіру марафонына жалғасты.

Тағы да оқыңыз: