Kyzylorda-news.kz Бүгін "AMANAT" партиясының қалалық филиалының мәжіліс залында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай марапаттау шарасы өтті.

Медицина қызметкерлерінің күні - бұл мереке барлық ғұмырын алғысқа лайықты істерге – өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн. Бұл күні дәрігерлер қауымына ерекше құрмет көрсетіліп, алғыс хаттармен марапатталып, ыстық тілектер арналады.

Бүгінде партияның қалалық филиалы жанында 40 бастауыш партия ұйымы жұмыс атқарса, соның ішінде 9-ы медицина саласымен тікелей байланысты.

Шара барысында ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен құттықтаған партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы медицина саласында еңбек етіп жүрген белсенді партия мүшелерінің қоғамдық жұмысқа атсалысып, партия бастамаларын әрі қарай дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Басқосуда белсенді партия мүшелеріне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің және партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаеваның  «Алғыс хаты» мен арнайы сыйлықтар табыстап, мерекеге орай жылы лебіздерін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: