Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудандық мәдениет Үйі жанындағы «Мырза» халықтық ұлт-аспаптар оркестрі 1970 жылы негізі қаланған. Отыз жылдан бері аудан және облыс халқына өнерлерін көрсетіп келеді. Ұжым 1972 жылы ұлт-аспаптар оркестрінің облыстық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 1982 жылы «Қазақтелефильмнің» ұсынысымен 30 минуттық фильмге түсірілді. Оркестр аудан, облыс мәдени іс-шараларына белсене араласып, өз бағдарламасымен көзге түсіп жүр. Оркестр репертуарында халық күйлері, халық композиторларының күйлері мен әндері, классикалық шығармаларымен қатар Мырза, Қазанғап, Жалдыбай күйші-сазгерлерінің шығармалары бар. Оркестр ұжымына Қазақ ССР Мәдениет министрлігі коллегиясының қаулысымен 1977 жылы «халықтық» атақ берілді.
2006 жылы Қызылорда қаласында өткен композитор, дирижер А.Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ғасырлар пернесі» атты халық ұлт-аспаптар оркестрлері мен күйшілердің облыстық байқауына қатысып, ұжым /дирижері – Роман Әуез/, Бас жүлдені жеңіп алды.
2007 жылы «Мырза» халықтық ұлт – аспаптар оркестрінің құрылғанына – 30 жыл толу мерекесіне орай «Қазалы айғағы», «Сыр бойы» газетінде кең көлемде мақалалар берілсе, «Қазақстан - 1» телеарнасындаоркестр туралы тікелей эфирден сұхбат жүргізілді. Оркестрдің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджеттен 4 млн теңге қаржы бөлінді.
2008 жылы ұжым елді мекендерде 22 рет концерт беріп, оркестрдің алғашқы негізін қалаушылардың бірі, 35 жылдан бергі жетекші – дирижеры Орақ Баубековтың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кешін ұйымдастырылып өткізілді.
2009 жылы мәдениет пен өнерге өзіндік үлес қосып жүрген шығармашылық ұжымдардың қатарын көбейту, ұлт-аспаптары оркестрлері мен фольклорлық ансамбльдер жанрының өсу деңгейін сарапқа салу, орындаушылық шеберліктерін шыңдау, өнерлерін халыққа насихаттау мақсатында Қызылорда облысының 70 жылдығы мен Қызылорда қаласының 190 жылдығына арналған мерекелік шаралар аясында «Сырдария саздары» атты халықтық ұлт-аспаптар оркестрлері мен фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің облыстық өнер фестиваліне қатысып, өнер көрсетті. 2010 жылы Тәуелсіздіктің 19 жылдығына қарсаңында есептік концертін берді. 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына оркестр есептік концертін аудан халқына ұсынды. Оркестрдің 50-ге тарта мүшесі бар. 2012 жылы өнер ұжымы түрлі мерекелік және атаулы кәсіби күндер мен тарихи-танымдық мәдени шараларға қатысып, аудан халқына 3 рет концерт қойып, Қожабақы, Қ.Пірімов, Жанқожа батыр, Басықара, Абай елдімекендерін аралап, 8 рет концерт қойып, жаңа бағдарламаларын ұсынды.
2013 жылы қаңтар айында халық оркестрінің дирижері Ерпазыл Жүсіповтың шығармашылығына арналған «Өнерлі ұстаздың – өнегелі келбеті» атты мерекелік кешінде өнер көрсетсе, қыркүйек айында мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған «Мәдениетім, мәртебем – өнерім, өрісім» атты концертте және Қызылорда қаласында Қазалы ауданының мәдениеті мен өнері күніне арналған «Өнерлі өлкем – Қазалы» атты мерекелік концертте өнер көрсетті.
2014 жылы ауданда өткен барлық атаулы күндер мен мәдени шараларға қатысып, өз үлесін қосты. Қазан айының 15-16 жұлдызында Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдығына орай Қазалы ауданында ұйымдастырылған ауқымды шарада оркестр өнер көрсетіп, ҚР Мәдениет қайраткері О.Баубековтың «Жанқожа баба» күйі мен Р.Бейсенұлының «Қолбасшы» күйін орындады. Сонымен қатар аудандық мәдениет Үйінде ҚР Президент күніне орай ұйымдастырылған «Халқының маңдайына жанған жұлдыз» атты, Тәуелсіздік күніне ұйымдастырылған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік концерттерде өз репертуарларынан Елбасына арналған С.Әліштің және Шайнскийдің шығармаларын ұсынды.
2015 жылы аудан көлемінде Елбасының бағдарламасына сәйкес Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақ халқы Ассамблеясы мен Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына өткізілген және Бекарыстан би Амандықұлының 250 жылдығында, Ақтан батыр Ақайұлының 245 жылдық мерейтойларында өнер көрсеткен. «Мырза» халықтық ұлт-аспаптар оркестрі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерттік бағдарламасын аттестациялық байқауға ұсынылды.
2016 жылы Оркестр 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген мерекелік іс- шарада өнер көрсетті.1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекеде өнер көрсетті.
25 наурыз бен 30 қыркүйек аралығында оркестр елді мекендерді аралап ақылы қызмет орындау барысында концертін берді. 6 шілде Астана күніне арналған «Жасар,Жайна-Астана» атты мерекелік іс шарада оркестр өз өнерін халыққа ұсынды. Оркестр 2 есептік концертін халыққа ұсынды.
2017 жылы Қаңтар айының 18 жұлдызында аудандық мәдениет Орталығында «Мырза» атындағы халықтық аспаптар оркестрінің мүшесі, «Қорқыт ата» атындағы музыка мектебінің оқытушысы, аяулы ұстаз Күлдәрі Өтеулиеваның кеші өткізілді. Кеште «Мырза» халықтық аспаптар оркестрі Наурыз айының 22 жұлдызында аудындық мәдениет Орталығының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы алаңда аудан тұрғындарына «Төрлет жыл басы Әз- наурыз» атты мерекелік концерт ұсынды.
2018 жылы «Мырза» атындағы оркестр ақпанның 23 жұлдызында Аудандық мәдениет Орталығында «Өнерге қанат қаққандар» атты Қорқыт ата атындағы аудандық әуез мектебінен шыққан түлектермен кездесу кеші ұйымдастырылды. 22наурыз күніне орай «Берекелі- Әз ,наурыз» атты мерекелік концертте оркестр өнер көрсетті.
16 қазан Қызылорда қаласының 220 жылдығына арналған «Сыр-Алаштың анасы-Қызылордам, шашу шашты Қазалы ән мен жырдан» атты облыстық өнер фестивалінде оркестр Сәукен Әліштің шығармасы «Дала үнін» орындап, халықтың қошеметіне бөленді.
16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік түлектен, Қазақстан» атты мерекелік шарада оркестр өнер көрсетті.
2020 жылдың 2 тоқсанында төтенше жағдайға байланысты оркестрдің жұмысы онлайн түрде жүргізіліп келеді. Сәуір айының 10-11-13 жұлдызында «Күй күмбезі» айдарымен оркестрдің концерті ұсынылды.
2020 жылдың 2 желтоқсан күні “Мырза» халықтық ұлт аспаптар оркестрінің қорытынды есептік концерті онлайн түрде ұсынылды.
2021 жылы «Мырза» халықтық ұлт –аспаптар оркестрі 12 ай бойы 3 шараға қатысып, 900 көрермен қамтыды.
Ерпазыл Жүсіптің 70 жас мерейтойына орай «Үндескен әуендер» атты шығармашылық кеш-1. «Тәуелсіздік тірегім» атты концерт-1. «Ұлы дала сазы» атты онлайн концерт -1.
2022 жылы 28 ақпан күні Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында ауданымыздағы клуб –кәсіпорындарының жұмысын жақсарту мақсатында халықтық ұжымдар мен әдіскерлер арасында «Мәдениетті-өркендету заман талабы» атты аудандық семинар өтті.
5мамыр күні Қызылорда қаласында «Баланың кешенді дамуы: Шығармашылық әлеуетін ашу” атты шарада «Мырза» халықтық ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетті.
18 мамыр күні Мәдениет және өнер қызыметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Мәдениетім – Мәртебем» атты салтанатты жиында «Мырза» атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетті.
2022 жылдың 1 қыркүйек күні 170 мектепке профессор, ғалым –философ Мұстафа Матаев атамыздың есімі берілуіне байланысты «Мырза» атындағы ұлт аспаптар оркестірі өнер көрсетті.
2023 жылдың 21 ақпан күні Оркестр «Өнер мектебінде ұлттық аспаптарды оқытудағы жаңа инновациялық әдістерінің тиімділігі» атты облыстық іс-тәжірибе алмасу шарасы өтті.
2023 жылдың 25 сәуір айында Қызылордада өткен облыстық байқауға қатысып бірінші орын иеленді.
Қазалы аудандық мәдениет бөлімі бойынша 1979 жылдары 26 автоклуб жұмыс жасаса 1986 жылы 16 автоклуб халыққа мәдени қызмет көрсетті. 1991 жылдары автоклубтар саны қысқартылып, №1, №2 жылжымалы мәдени-кешені болып атауы өзгертілді. Жылжымалы мәдени-демалыс кешенінің негізгі мақсаты мәдени ошақтары жоқ елді мекендерге мәдени қызмет көрсету. №1 мәдени-демалыс кешенінде Қызылқұм беткейіне қарасты 9 елді мекен бар. Атап айтсақ Ажар, Жалпақ, Моншақ, Лаубай, Сағыр, Бәймен, Өтебас, Жолбарысты, Отгөн. Қазіргі таңда Бәймен елді мекенінде қоныстанушы адамдар жоқ. Соған байланысты Үйрек, Водакачка елді мекендерін қосып алдық.
Мәдени-демалыс кешені халыққа қызмет етеді
№1 жылжымалы мәдени кешендері болып атауы өзгергеннен кейін республикалық, облыстық байқауларға қатысып жүлделі орындар алып келеді. Облыс көлемінде екі жылда бір рет өткізілетін жылжымылы мәдени-демалыс кешендерінің байқауына үзбей қатысып жүлделі орындар иемденді. Атап айтсақ 2014 жылы Жалағаш ауданында өткен Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын насихаттау мақсатында «Дала дидары»атты облыстық байқауда III-орын, 2017 жылы Жалағаш ауданында жылжымалы мәдени-демалыс кешендерінің облыстық байқауына «Сыр сандуғаштары» тобы қатысып III-орын, 2019 жылы Жаңақорған ауданында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты жылжымалы мәдени-демалыс кешендерінің облыстық байқауына «Жібек жолы-Қазалы» тобы қатысып Бас жүлде, 2022 жылы Жаңақорған ауданында өткен «Балалар жылы» аясында ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауды насихаттауға арналған жылжымалы мәдени-демалыс кешен жетекшілерінің «Дала дидары» атты болыстық байқауына И. Рсалиева қатысып III-орын иемденді. Осы жылдар ішінде №1 мәдени-демалыс кешені өздерінің жұмыс жоспарларына сәйкес елді мекендердегі халыққа түрлі тақырыпта кештер, кездесулермен қатар концерттік бағдарлама, сондай-ақ, республикалық,облыстық жергілікті баспасөз құралдарының материялдарымен қатар домино,шахмат, шашкі, тоғыз қомалақ ойындарын және оқырмандарға кітаптар ұйымдастырады. Мәдени-демалыс кешені жыл сайынғы ҚР Президентінің үндеулерімен жолдаулары насихаттау барысында әр түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Жылжымалы мәдени-демалыс кешені облыстық, аудандық байқауларға қатысып, өнерлерін шыңдап отырады. 2023 жылға бекітілген жоспар бойынша мерекелік шаралар, байқаулар мен сайыстар енгізіліп өзіне қарасты елді мекен тұрғындарына ұсынып, жұмыстарын қалыпты жүргізуде. №1 мәдени-демалыс кешеніне қарасты Қызылқұм беткейіндегі Тасөткел, Өтебас, Сағыр, Ажар, Жолбарысты/Үйрек/, Жалпақ, Лаубай, Бәймен, Моншақ /Водокачка/ сияқты елді мекендерге мәдени қызмет көрсетумен қатар аудан, облыс көлемінде өтетін мәдени шараларда өз үлестерін қосып келеді.
Қазалы аудандық мәдениет бөлімі бойынша 1970 жылдары 26 автоклуб жұмыс жасаса, 1986 жылы 16 автоклуб халыққа мәдени қызмет көрсетті. 1991 жылдары автоклубтар саны қысқартылып, №1. №2 жылжымалы мәдени –демалыс кешені болып атауы өзгертілді. Жылжымалы мәдени-демалыс кешенінің негізгі мақсаты – мәдени ошақтары жоқ елді мекендерге мәдени қызмет көрсету.
Осы жылдар ішінде №2 мәдени –демалыс кешені өздерінің жұмыс жоспарына сәйкес елді мекендердегі халыққа түрлі тақырыпта кештер,кездесулер мен қатар концерттік бағдарлама, сондай-ақ, республикалық, облыстық жергілікті баспасөз құралдарының материалдарымен қатар домино, шахмат, шашкі, тоғыз құмалақ ойындарын ұйымдастырады.
Мәдени-демалыс кешені жыл сайынғы ҚР Президентінің жолдауын насихаттау барысында әр түрлі шаралар ұйымдастырады.
Жылжымалы мәдени-демалыс кешені облыстық, аудандық байқауларға қатысып, өнерлерін шыңдап отырады. Кешен ұжымында меңгеруші , маман, жүргізуші жұмыс жасайды. №2 мәдени –демалыс кешенге қарасты Шилі, Тапа, Қожақазған, Аққұдық, Бармас, Шолқұм, Алтай, Байқожа, Көбек, Майлыбас, Қызыләскер,1ферма сияқты елді мекендерге мәдени қызмет жасау қатар аудан,облыс көлемінде өтетін мәдени шараларда өз үлесін қосып отырады.
Р.Бағлановаатындағымәдениеторталығының №2 жылжымалымәдени-демалыскешеніқаңтарайында 2023жылдыңжұмысжоспарларынқұрыпбекітті. Алда атқарылатын жұмыстарға байланысты кеңес құрамын өткізіп, хаттамасы жасалды. Жоспарды жасай отырып Елді-мекендегі тұрғындарға Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы мен сайлауалды бағдарламаларын, атаулы мерекелер мен мерейтойларды насихаттау туралы жұмыс жоспары жоспарланды. Алдағы уақытта шалғай жатқан елді мекендерге концерттік бағдарламалар ұсыну, тұрғындар арасындағы өнерлі адамдармен, әсіресе жастармен жұмыс жасау, олардың өнерлерін жетілдіре түсуге көмектесу таланттыларды аудан орталығындағы шараларға қатыстыру талқыланды.
Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығы жанындағы №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешен жоспар бойынша Майлыбас елді мекенінің тұрғындарына «Әлемнің сыйы әлемге»мерекелік концерт ұсынды.Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын насихаттай отырып, концерт барысында ауыл тұрғындар арасында спорттық ойындар ұйымдастырып өнерлі жастарымызды табу барысында сауалнама жүргізілді. Шара барысында №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешен маманы Тұрар Садуақас «Турецкии марш» орындады. №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешен меңгерушісі Айнур Әмірәлі шара барысында «Ауылым» әнін орындап ел, «Жыраулар» бөлімшесінің меңгерушісі Жанболат Өмірзақ «Ел үшін туған ер болсаң» әнін және шараның жақсы өтуіне атсалысты. «Мырза» атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестірінің концертмейстрі Айнур Қарлыбай Ахмет Молдағұловтың «Туған ел» әнін орындап, мәдениет орталығының өнерпазы Үміт Әшімова «Кең жайлау» биін билеп өз өнерлерін көрсетті. Шара барасында жиналған ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып түрлі спорттық ойындар ойнатылып бірге әндер айтылып, би биленіп, ауыл өз алғыстарын білдірді. Қошеметке бөленген ауылдың аналар кеңесінің төрайымы Мұстафаева Гүлсім апамыз өз рахметін айтып аудан өнерпаздарына батасын берді.
Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығы жанындағы №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешен жоспар бойынша Ойынды елді мекенінің тұрғындарына 22 Наурыз мерекесіне орай концерт ұсынды. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын насихаттай отырып, концерт барысында ауыл тұрғындар арасында спорттық ойындар ұйымдастырып өнерлі жастарымызды табу барысында сауалнама жүргізілді. Шара барысында №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешен маманы Тұрар Садуақас «Адай» орындады. №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешен меңгерушісі Айнур Әмірәлі шара барысында «Ана » әнін орындап ел, «Жыраулар» бөлімшесінің меңгерушісі Жанболат Өмірзақ «Қазағым» әнін және шараның жақсы өтуіне атсалысты. «Мырза» атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестірінің концертмейстрі Айнур Қарлыбай «Қазақстаным» әнін орындап, мәдениет орталығының өнерпазы Үміт Ашимова «Қазақ » биін билеп өз өнерлерін көрсетті. Шара барасында жиналған ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып түрлі спорттық ойындар ойнатылып бірге әндер айтылып, би биленіп, ауыл өз алғыстарын білдірді. Қошеметке бөленген ауылдың аналар кеңесінің төрайымы Жайна Шамшейова апамыз өз рахметін айтып аудан өнерпаздарына батасын берді.
24 сәуір күні «Жаңа Қазақстан, жаңа мәдениет» атты жылжымалы мәдени демалыс кешендерінің «Кешеннің кешендік бағыты» атты аудандық семинар өткізілді. Семинарда Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының кіре – беріс фоесінде арнайы жасалған көрме ұсынылды, көрмеден соң жылжымалы мәдени – демалыс кешендерінің бөлмелерімен, олардың атқарған жұмстары туралы таныстырылым өткізілді. Таныстырылымнан кейін ссеминар отырысы өткізілді. Семинар жиында №1, №2 жылжымалы мәдени – демалыс кешендерінің меңгерушілері Г.Досан «Жаңа Қазақстан – жаңа мәдениет» атты баяндамасын, А.Оспанова «Кешеннің кешенді бағыты» туралы баяндамаларын оқыды. Семинарға келген қалалық, кенттік және ауылдық мәдениет үйлері мен клуб қызметкерлеріне концерттік бағдарламалар мен қатар, логикалық ойындар жүргізілді.