Kyzylorda-news.kz 21 мамыр – мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Amanat партиясының облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов мұражай және мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті.

Мәдениеттің мәйегі, ұлт тарихының қазыналы жауһарларынан сыр шертетін мұражай қабырғалары халқымыздың сан ғасырлық дәстүрін, өлкеміздің флорасы мен фаунасын, құнды экспозициялары мен ерекше экспонаттармен талайды тамсандыруда.

Алмасбек Есмаханов өңірімізде «Руханият жылы» қарсаңында аймақ басшысының бастамасымен жүзеге асқан серпінді жобаларды атап өтті.

"Тәуелсіздік алған жылдары мәдениет саласына жоғары көңіл бөлінді. Соның ішінде, мұражайды да жандандыру, озық жабдықталған ғимараттарды тұрғызу мәселесі де өзекті еді. Қазірде, барлық ауданда талапқа сай нысандар ел игілігіне табысталды. Қаламыздың сол жағалауынан «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының» жаңа ғимаратының салынуы, оның соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталуы Сыр жұртшылығы үшін жағымды жаңалық. Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын, өңіріміздің тарихын зерттеуде әрбіріңіздің еңбектеріңіз бар",-деді Алмасбек Есамханов.

Мереке қарсаңында белсенді қызметі үшін мұражай және мәдениет саласының қызметкерлеріне Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, партияның облыстық филиалының «Алғыс хаттары» табысталды.

Тағы да оқыңыз: