Kyzylorda-news.kz Үстіміздегі жылдың 30 мамыр – 2 маусым аралығында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрында Қуыршақ театрларының «Кукляндия» VI ашық фестивалі болып өтті. Фестивальге Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Эстония, Қытай, Иран, Екатеринбург, Бұхара, Йыхви, Гонконг, Тегеран мемлекеттері қатысты. 

Мәдениет саласының үздігі, қоюшы режиссер Жанмұратова Күләш жетекшілік ететін «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобы фестивальдің ашылу салтанатында алғашқылардың бірі болып А.Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» қуыршақ қойылымын сахналады. 

Фестивальдың мақсаты: қуыршақ театрларының әлемдік өнерінің үздік жетістіктерін дәріптеу, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту; Қарағанды облысында заманауи театр ортасын қалыптастыру; әр түрлі жас топтарын қамти отырып, театрдың көрермендер аудиториясын кеңейту; театр ортасында кәсіби байланыстарды құру және нығайту; режиссерлердің, актерлердің, суретшілердің, бутафорлардың кәсіби деңгейін арттыру. 

Фестиваль ұйымдастырушылары Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры» КМҚК.

 Қорытынды күні «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобы арнайы сертификат иеленіп, 150000 теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Сыр елінен, театр ұжымы атынан Қарағандылық әріптестермізге сый ұсынып, құрмет көрсетті. 

 

Қорлан САРЫ
Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Тағы да оқыңыз: