Kyzylorda-news.kz Шымкент қаласында өткен республикалық «Күміс домбыра-2024» атты жас ақындар айтысында сырбойылық Бексұлтан Орынбасар топ жарып, күміс домбыра иегері атанды.

– Айтыс өте тартысты өтті. Екі күнге созылған өнер бәйгесінде елімізден 16 ақын бақ сынады. Бірінші күні 8 ақын іріктелді. Екінші күні үш айналымнан 4 ақын оза шығып, финалға дейін жеттік. Айтысқа бір ай дайындалдым, нәтижесінде бәрі ойымдағыдай болып, жеңіске жеттім. Сыр еліне "Алтын домбырадан" кейін "Күміс домбыра" келе жатыр, – деді Бексұлтан Орынбасар.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған бұл айтыс өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейді. Сондай-ақ, қазақтың төл өнері мемлекеттің мерейін арттырары сөзсіз.

Күміс домбыра Қызылордада.jpg

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы да оқыңыз: