Kyzylorda-news.kz  Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновтың «Газет-халықтың көзі, құлағы Һәм тілі» деген сөздері дәл қазіргі таңда да өз маңызын жойған жоқ. Адамдар қанша жерден ғаламтор желісін пайдаланғанмен, бәрібір кітаптан, мерзімді басылымдардан қол үзбейді. Сыр өңірінің жаңалықтарын жариялаушы қоғамдық-саяси әлеуметтік-ақпараттық тарихи-танымдық «Ақмешіт апталығы» газетінің жарыққа шыққанына биыл 30 жыл. Осы орайда, орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана, №4 және №6 кітапханалар бірлесе отырып «Сыр Медиа» орталығында «Газет-халықтың көзі, құлағы Һәм тілі» атты тақырып аясында журналистер қауымымен жылы  кездесу өтті.

Сыр өңірінің алғашқы жекеменшік басылым ретінде жарық көрген алғашқы газеті. Әр түрлі тақырыпқа қалам тартқан,аудиториясы жас талғамайтын, елдің көңілінен шыққан басылым. Кездесу барысында газеттің бас редакторы Гүлмира Мағлұмқызы басылымның шығу тарихы, таралымы, болашақтағы бағыт-бағдары, баспасөздің қоғамдағы  рөлі, газет көтеретін мәселелер, тағы да басқа өзекті жайлар туралы әңгіме өрбітті.

Бүгінде «Сыр медиа» ЖШС-да ардагерлер ұйымының төрағасы,40 жылданастам Сыр елінің жасампаз істерге толы  шежіресін жазуға  өзінің үлесін қосып,қаламгерлік еңбек етіп келе жатқан газеттің ардагері  Кенжалы Ерімбетов ағамыз аймақтың тыныс-тіршілігін,  халықтың әлеуметтік жағдайын, жеткен жетістігі мен еңбек адамындарын насихаттайтын бірден бір басылым туралы және де қазіргі таңда «Ақмешіт апталығы »газетінің  мүмкіндіктері артып, жаңаша форматпен шыға  бастағанын, журналистердің  атқаратын толассыз істерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар бас редактордың орынбасары Дәулет Қырдан, газет тілшісі, ақын апайымыз Гаухар Қожахметова, газеттің ақпараттық шеф-редакторы Айдана Сейіл және ақпараттық агенттігінің тілшісі Нәзира Мұқатаевалар қатысып кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді. Жылы кездесу соңында қалам мен қағазын қолынан тастамаған кітапханашылар атынан, жас кітапханашы Нұргүл Байболатқызы газеттің 30 жылдығына арнайы өзінің жүрекжарды  «Ақмешіт апталығына арнау» атты өлеңін жолдап, кітапхана ұжымының атынан журналистер қауымына сый-құрмет көрсетілді.

Тағы да оқыңыз: