Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауы аясында Шиелі ауданының өнер ұжымы Қызылорда қаласының орталық алаңында ерекше мерекелік бағдарлама ұсынды.

Кештің шымылдығы ұлттық нақыштағы қолөнер көрмесімен ашылып, қала тұрғындары мен қонақтарының зор қызығушылығын тудырды. Ауданның қолөнер шеберлері ұлттық мұрамызды жаңғыртқан туындыларын ұсынып, көпшілік назарына паш етті.

Сахнада Шиелі ауданының мәдениет майталмандары, халықтық вокалды-аспапты ансамбль, «Әжелер» және «Келіндер» ансамбльдері, сондай-ақ ауданның талантты әншілері мен бишілері әсем ән мен күмбірлі күйден шашу шашып, көрермен ықыласына бөленді. Әрбір өнер нөмірі – туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің, өнерге деген адалдықтың көрінісіндей әсер қалдырды.

Киелі Шиелі жерінің өнерпаздары Сыр елінің астанасы – Қызылорданың аспанын ән мен күйге бөлеп, ел тарихына тағзым жасап, көрермендерге рухани мереке сыйлады. 

Осындай ауқымды шаралар — өңір мәдениетінің дамуына, ұлттық өнердің жаңғыруына үлкен серпін берері сөзсіз.

Облыстық өнер байқауы 4.jpg

Тағы да оқыңыз: