Kyzylorda-news.kz  Қызылжарма мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «АРТ уақыт» бағыты бойынша «Қуаныш» әжелер ансамблінің «Бізге биыл он жыл» атты есепті концерттік бағдарламасы өтті.

Шараның мақсаты – әжелер отбасы тірегі, діңгегі екенін келешек ұрпаққа таныту, ауылдың елдің әлеуетін көтеру, насихаттау.

Ауылдық округтің мәдениеті мен руханият саласында өзіндік орнын қалыптастырған аталған әжелер ансамблі 10 жылдан бері халыққа өнер көрсетіп келеді. Биыл 10 жылдық мерейтой қарсаңында арнайы есеп беру концертін өткізді. Шара барысында «Қуаныш» әжелер ансамблінің жетекшісі Қуаныш Ахметқызы ансамбль мүшелерімен шашу шашып сахна шымылдығын ашты.

Салтанатты шараға Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы директорының орынбасары Ділімбетова Рая Дөңесбайқызы, қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыппар Айтбайұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ ықылас гүлін табыстап, әжелерге шығармашылық табыс тіледі.

Сонымен қатар «Дәстүрге жол» қазақ аналары қоғамының төрайымы Былаева Алтынай Махамбетжанқызы бастаған аналар қауымы мерейтой иелерін арнайы құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Концертті әжелердің жеке орындауында халық әндері мен бірге қазақ композиторларының әндері де шырқалды.

Тағы да оқыңыз: