Kyzylorda-news.kz  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Жамбыл Бақытәлі «Менің халқым менен де биік» республикалық студенттер айтысында жеңіске жетті.

Ақындар айтысын академик Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келгеніне 125 жылдығына орай, Алматы қаласында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті ұйымдастырды. 

Оған еліміздің барлық өңірінен 14 айтыскер ақындар қатысты. Ақтық сында екі қарсыласын да жауһар жырларымен жеңіп шыққан Жамбыл жеңімпаз атанды.
Жамбылдың кураторы - аға оқытушы Аягөз Әбдіразақова. 

Ал, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының студенттері Мұрат Әлішер, Тынымбай Шыңғысхан «Қылмыстық сот өндірісіндегі тараптардың теңдігі және сайысушылығы қағидатын сотқа дейін жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық студенттердің ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. 

Конференцияны Қырғызстан Республикасы Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің Құқықтану институтының «Қылмыстық іс жүргізу және сот сараптамасы» кафедрасы ұйымдастырған.

Онда білім алушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық сотқа дейінгі өндіріс кезіндегі өзекті мәселелері жөнінде баяндама жасады. Конференция қорытындысы бойынша 3 курс студенті Мұрат Әлішер III орынмен марапатталды. 

 

Фото: университеттің әлеуметтік желісінен

Тағы да оқыңыз: