Kyzylorda-news.kz  Музыка саласын жанына серік еткен адам көп. Оны игергісі келетін жанда аз емес. Осы орайда Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжінің оқытушысы, музыкант, композитор Ғалымжан Сәбитұлы саксофонды үйренгісі келетін өнерсүйер қауым үшін кітап шығаруды жоспарлап отырғанын мәлім етті. 

Ғалымжан Сәбитұлы обылыстық филармония жанынан құрылған «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблінің артисі, сондай-ақ көптеген шәкіртке тәлімгерлік етіп отырған білікті мамандардың бірі. «Нағыз музыкант кез келген музыка саласының аспектілерін, жанрын жете білуге міндетті. Ал нағыз дарын иесі кез келген тыңдарманды музыканың құдыретімен жылата да, күлдіре де алады», – деп есептейтейтін ол саксофоннан бөлек өзге де бірнеше аспаптарды ойнай алады. Атап айтсақ, фортепиано, флейта, блокфлейта, кларнет, барабанда, дауылпаз және т.б. аспаптар. 

Саксофоншы сахнада дуэт болып өнер көрсеткенді ұнатады екен. Оның ойынша бұл өте қызық тәжірибе.

– Дуэт жасау өзіндік симфониялық ерекшелікке ие. Туындыны өзге аспаппен көркемдейсің, бұл бір арнаға тоғысқан бірнеше сезімдердің легі ғой. Әріптестеріңмен музыкалық та, достық та қарым-қатынас құрасың. Ия, менің музыкалық серігім бар. Ол өте дарынды скрпикашы Анастасия Мусинова. Одан бөлек басқа да әріптестеріммен дуэт жасап, талай сахнада өнер көрсеттім. Жалпы, дуэт жасау өзіндік симфониялық ерекшелікке ие. Туындыны өзге аспаппен көркемдейсің, бұл бір арнаға тоғысқан бірнеше сезімдердің легі ғой. Әріптестеріңмен музыкалық та, достық та қарым-қатынас құрасың. Сол арқылы жаңа тәжірибе жинақтайсыз. Өзіңе беймәлім жанрды игеруге ұмтыласың, – дейді ол. 

Әрбір музыкант өнер саласында із қалдырсам деп армандайды. Ғалымжан Серікұлы да өнердегі Батырхан Шөкеновты үлгі тұтып, ел есінде есімінің қалғанын қалайды. 

– Авторлық туындыларым бар. Кейбірінңің әлі «сиясы» кеппеген. Оларды әлі біраз әрлеп, толық пысықтап болған соң, аймақтағы саксофоншыларға орындатуды осы жылғы жоспарыма енгізіп отырмын. Алла қаласа, саксофон аспабын тез үйренуге көмектесетін кітап жазып, музыка сүйер қауым назарына ұсынуды қалаймын. Бұлда әлі нүктесі қойылмаған мақсаттарымның бірі, – дейді өнер иесі.  

 

Нұршат НЫШАНОВА

Тағы да оқыңыз: