Kyzylorda-news.kz. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен қалалық мәдениет және спорт бөлімімен бірлесіп республикалық «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған жазушы – драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары бойынша қалалық мектеп оқушылары арасында «Ұлт бедерін айшықтаған қаламгер» атты байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау. Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік – рухани дамуына ықпал жасау. 

Байқауды Қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Тәжмаханов Жағыпар Айтбайұлы ашып, қатысушы мектеп оқушыларына сәттілік тіледі. «Парасаты биік суреткер» және «Қазақ прозасының пырағы» атты екі кезеңдері бойынша қатысушылар жазушының шығармасын мәнерлеп оқып, сахналық көрініс қойды. 

Аталған байқауға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Парасат» орденінің, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығын иегері жазушы – Сайлаубай Жұбатырұлы, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова, облыстық тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Ерекешова Жаныгүл Мұхитқызы, мәдениет және спорт бөлімінің маманы Алтынбаев Қайрат Шарафадинұлы және кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен І.Қабылов атындағы №12 IT-мектеп-лицейі бас жүлдеге, Н.Әуелбеков атындағы № 4 облыстық мамандандырылған мектеп лицей – интернаты бірінші орынға, «Абай» атындағы дарынды балаларға арналған үш тілді №2 мектеп екінші орынға, Ә. Мүсілімов атындағы № 101 мектеп лицей, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы үшінші орынға лайық деп танылды.

Тағы да оқыңыз: