Kyzylorda-news.kz А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Парасат» орденінің, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, қоғам қайраткері, эколог-жазушы айдынды Аралдың перзенті Сайлаубай Жұбатырұлының 76 жасқа толған құрметіне және «Топансу жүзін жуған Ұлы дала» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсіміне арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Кеш арнайы тақырыптық прологпен басталып, онда қаламгердің жанайқайы, шиеленісті сезімдері суреттелді.

Содан соң қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар қаламгерді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов пен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов құттықтап, тиісті сый-құрметін білдірді.

Жаңа кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысқан ақын, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Қаршыға Есімсейітова, ғалым, профессор, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев және белгілі журналист, филология ғылымдарының кандидаты, «Әлімсақ» журналының редакторы Нұрлан Көбегенұлы автордың өзгеше ой орамдарына тоқталды.

Сондай-ақ, әдеби-сазды кеште қаламгердің өлеңдері оқылып, толғауы орындалса, қала өнерпаздары әннен шашу шашты.

Тағы да оқыңыз: