Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Дәуірлер бейнесі домбыра үнінде» атты республикалық күйшілер байқауы өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 25 талапкер 250-ге жуық күй орындап, Сыр аспанын домбыра үніне бөледі.
Конкурсқа қатысушы талапкерлерге күйші, «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Еркін Нұрымбетов, күйші-композитор, өнер зерттеуші, Қазақстан композиторлар және журналистер одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі Балтабай Нұржанов, Әлшекей Бектібайұлы атындағы республикалық дәстүрлі өнерді дамыту қоғамдық қорының атқарушы директоры Марат Жанғазы, өнер зерттеуші, күйші, Дина Нұрпейісова атындағы халықаралық күйшілер байқауының лауреаты Аягөз Нұрсұлтан, күйші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Мәдениет саласының үздігі Әлімжан Әбсадықов қазылық етті.
Конкурс қорытындысы бойынша Құрақтың Досжаны атындағы арнайы жүлдемен Нұрмағанбетов Нартай (Қызылорда қаласы), Тасболат Сқақов атындағы арнайы жүлдемен Байғұтты Қайрат (Орал қаласы), Қазанғап атындағы арнайы жүлдемен Елеусіз Ардақ (Астана қаласы), Мырза Өмірзақ атындағы арнайы жүлдемен Өмірзақ Расул (Петропавл қаласы), Жалдыбай атындағы арнайы жүлдемен Шонбаев Сырым (Алматы қаласы) марапатталды.
Жүлделі ІІІ орынды Махмут Алтынай (Алматы қаласы), Бибіт Темірхан (Алматы қаласы), Алпанов Қуандық (Ақтау қаласы) иеленсе, ІІ орынды Жолдығали Әділет (Орал қаласы), Жақсылық Ғалымжан (Шымкент қаласы), І орынды Достиярова Бекзада (Астана қаласы) және Әшімхан Нұрғали (Алматы қаласы) иеленді.
Конкурстың Бас жүлде иегері Шиелі ауданынан келген Тәшімов Әділбек атанды.
Сонымен қатар, Әлшекей Бектібайұлы қоры Елеусіз Ардақ және Тәшімов Әділбекті “Әлшекей Бектібайұлы” төсбелгісімен марапаттады.