Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Жас отау» конкурсы өтті.

Отбасы институтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту, жас отбасылардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға барлық аудандардан және Қызылорда қаласынан іріктелген үздік отбасылар қатысып, өзара бақ сынасты.

Конкурсқа Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Раушанбекұлы қатысып, жастар ұйымдары мен жас отбасыларды әлеуметтік қолдауға бағытталған шараларға тоқталып, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі. 

Жаһандық сын-тегеуріндер уақытында отбасы институтын дамыту мен нығайту — ел дамуының негізгі тұтқасы болмақ. Жаңа ғасыр дамуында мемлекеттік бағдарламаларға негізделген қастерлі құндылықтарды дәріптеу мемлекеттің тікелей мүддесінде. Осы ретте, жас отбасыларды жан-жақты шығармашылық қолдау мақсатында отбасылық конкурс облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Конкурс қорытындысымен, жүлделі III орынмен Қазалы қаласынан келген Қалиевтер отбасы мен Сырдариялық Тілеубергеновтер марапатталды. Байқаудың II орыны Шиелі ауданының намысын қорғаған Нышанбековтерге, Жалағаштық Ахметовтер мен Аралдық Жақсылықовтар отбасына бұйырды. Ал үздік үштіктің көшін бастап, жүлделі I орынмен Жаңақорған ауданынан арнайы келген Жанболатовтар отбасы, Қармақшылық Әмзеевтер мен Қызылорда қаласының қатысушылары Қуанышов отбасы марапатталды. 
Шара соңында барлық қатысушылар арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

316201112_1391552448286077_3757321664787271163_n.jpg

 

316195939_1391552404952748_6976170380314892919_n.jpg

 

316093653_1391552701619385_3438791544736842975_n.jpg

 

315365221_1391552278286094_8403485206388962042_n.jpg

 

315696720_1391551531619502_2449837593815014389_n.jpg

Тағы да оқыңыз: