Kyzylorda-news.kz. Алашты әлемге танытқан қазақ әдебиетінің классигі, Абайтану ғылымының негізін салушы  Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Сөздің кені, ойдың кемелі» атты жыр додасы өз мәресіне жетті. 

Айтыстың ақтаңгері Аманжол Әлтаев тізгіндеп, Елена Әбдіхалықова, Ақберен Елгезек, Бауыржан Халиолла, Ұларбек Нұрғалымұлы, Мұхтар Ниязовтар қазақтың қақындары қазылық еткен байқау нәтижесінде Темірбек Жүргенов атындағы арнайы жүлде ұстаз, ақын Ержеңіс Тастыбай Әбді мен Тілеген Әділовке, Бибігүл Жаппасбаева атындағы арнайы жүлде қармақшылық Сырым Әділбековке бұйырды.

Жүлделі ІІІ орынды жуырда ғана Алтын домбыра сайысында халық қошеметіне бөленген Сырдың қызы Мөлдір Айтбай мен белгілі айтыскер Шұғайып Сезімхан иеленсе, ІІ орынды өз қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан жас ақын Бексұлтан Орынбасар арқалы ақын Айбек Қалиевпен бөлісті. І орынды талай аламанда Сыр елінің абыройын асқақтатқан Мейірбек Сұлтанхан жеңіп алса, Алаштың арынды ақындарының бірі Рүстем Қайыртайұлы бас жүлдеге лайық деп танылды.

321625901_1090864238252788_6156125332328574134_n.jpg
321548738_471144325209544_4918047384342164864_n.jpg
321570476_546145030753994_8547935950123690197_n.jpg

Тағы да оқыңыз: