Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Назарабаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік концерт болып өтті.

Мектеп ұжымы мен оқушыларының басын қосқан салтанатты шарада жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқару жолындағы игі істері мен өлшеусіз еңбектері аталып, елдің жасампаз жетістіктерін жаңғыртқан жалпыұлттық мереке ұлықталды.

Алғашқы құттықтау сөз алған мектеп директоры Бахыт Жұматай әрбір елдің негізгі құндылығы болып саналатын адами капиталдың дамуына қосқан Елбасының зор үлесін атап өтіп, мерекелік лебізін жеткізді.

Бұл мерекелік кеште Тұңғыш Президенттің авторлық және сүйіп тындайтын әндеріне арналды. Оқушылар мен ұстаздар халық әні «Сәулем-ай», «Көзімнің қарасы», «Весна на заречной улице», «Үш Қоңыр», «Дала дастаны» атты әсем әуендерді орындап, көрермендердің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.

Концерт соңында Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған «Елім менің» әні шырқалып, жиналған қауым егемен елдің бейбітшілігі баянды болып, берекесі арта берсін деген тілекпен тарқасты.

Тағы да оқыңыз: