Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 13 балалар кітапханасы 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай «Егемен елдің мәртебесі - рәміздер» атты ақпарат сағатын өткізді. Шараға Әбубәкір Тыныбаев атындағы № 11мектеп – лицейдің 5 сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында «Егемен елдің мәртебесі - рәміздер» атты 10 минуттық бейнебаян арқылы оқушыларға кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі болып саналатын Мемлекеттік рәміздеріміздің шығу тарихы жайында тарихи деректер көрсетіліп, оқушылар барлығы мемлекеттік әнұранынды хормен шырқады. Сонымен қатар «Мемлекеттік нышандар – Тәуелсіздік белгісі» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.

Жас оқырмандардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Мемлекетіміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге баулуды мақсат еткен шарада оқушылар белсенділік танытты.

Фото: егемен.кз

Тағы да оқыңыз: