Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекованың төрағалығымен басқарманың актив жиыны өтті.
Жиынға басқарма қызметкерлері мен басқарма қарамағындағы ұйым басшылары қатысты. Активтің күн тәртібіндегі басты мәселе – кадрлық өзгерістер жайы қаралды. Осылайша, басқармаға қарасты бірқатар мекемеде кадрлық ауыс-түйіс орын алды.
Атап айтқанда:
1. 2023 жылдың 5 маусымынан бастап «Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ-нің директоры лауазымына Жаманқұл Асылжан Зулфқарұлы;
2. Бірыңғай конкурс комиссиясының 08.06.2023 ж. қорытынды шешіміне сәйкес 2023 жылғы 9 маусымнан бастап «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымына Айекешов Жігер Оңдасынұлы;
3. Бірыңғай конкурс комиссиясының 08.06.2023 ж. қорытынды шешіміне сәйкес 2023 жылғы 9 маусымнан бастап «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымына Жұматов Серік Айдарбекұлы;
4. Облыс әкімдігінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №80 қаулысына сәйкес «Теннис спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, 2023 жылдың 12 маусымынан бастап директор лауазымына Нұрмахан Қанат Мұратбекұлы;
5. 2023 жылғы 13 маусымынан бастап ауысу тәртібімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік және бағдарламалармен жұмыс бөлімінің басшысы лауазымына Ебелекова Жанар Қалиқызы тағайындалды.