Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №39 «Қызылөзек» орта мектебінде 8-10 сынып оқушылары арасында жергілікті ақын, ауыл мектебінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарып, ел құрметіне бөленген ақынжанды ұстаз Бозымбай Қоқыбасұлының шығармашылығына арналған «Өмірін өлеңімен өрнектеген» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Жергілікті ақын-жазушылардың құнды мұраларын ел арасына насихаттауды көздейтін сайыс арқылы көркем шығарманың оқырмандар жүрегінен жол табуына ықпал ету, өз елін,тарихын,туған тілін құрметтейтін, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін тұлға болуына ықпал жасау,  шығармашыл, өнерлі, талантты жастарды анықтау, қолдау мақсатында өткізілшген сайысқа қала бойынша 13 білім ошағының білімді оқушылары қатысты. Байқауға әділ қазылар төрелік етіп, үздіктерді анықтады. 

Сайыс қорытындысымен І орынды А.Хангелдин атындағы №179 орта мектеп оқушысы Хакім Айзере, ІІ орынды №178 орта мектебінің оқушысы Баяндаева Ақерке, №145 «Бірқазан» орта мектебінің оқушысы Балғабай Нұржігіт алса, ІІІ орынды №268 мектеп-лицейінің оқушысы Абзалқызы Гузель, №128 орта мектебінің оқушысы Қуантай Ақсезім, №280 орта мектебінің оқушысы Абдулла Қарақат місе тұтты. 

Сайыс соңында қалалық білім бөлімінің бас маманы Қанат Әлібекұлы, қалалық білім бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Мылтықбай Мұстафаұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының маманы Маржан Бертайқызы сөз сөйлеп, бүгінгі шараның мән-маңызына тоқтала өтті. Мектеп директоры Жасұлан Махмутұлы бүгінгі шараға қатысушылар мен жетекші ұстаздарға, сонымен қатар барша келген қонақтарға өз алғысын білдірді. Жарысқа қатысушы оқушылар арнайы білім бөлімінің дипломымен, алғыс хаттарымен марапатталып, жүлделі сыйлықтарға ие болды.

Тағы да оқыңыз: