Kyzylorda-news.kz  Н.Бекежанов атындағы  драма театрында   Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде мүгедектігі бар балаларға қуыршақ театрына саяхат ұйымдастырылды.

Мақсат – мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру.

Бұл шара Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен өтті.

 «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобы балаларға «Қозы мен лақ» атты қойылымын сахналады.

– Қойылымды көру балалардың эмоциялық әлеміне үлкен әсер етті. Балалар жағымды эмоция алып, жарқын, есте қаларлық бейнелер қабылдады. Өздерінің сүйікті кейіпкерлерін үлкен ықыласпен тамашалады. Балалардың көздерінде ұшқын, жүздерінде күлкі пайда болды, – деп атап өтті «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Сиюов.

Шараға  30 мүгедектігі бар  балалар және ата-аналары қатысты және балаларға арнайы бағалы сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

d5313ca6-2bf9-4b48-a008-8e6a0a2b9cb4.jpg

Тағы да оқыңыз: