Kyzylorda-news.kz. Қызылордада соңғы жылдары жанға жайлы ғимарат пен көпқабатты тұрғын үймен толықты. Осылайша бір екі жыл көлемінде қаламыз әсем қалаға айналды. 

Бүгінгі күні қаламыздың көркіне көрік беріп, зәулім үйлер мен ғимараттар салуға өз үлесін қосып жүрген жан­ның бірі – Қалдыбек Абдреев. Кейіпкеріміз «Дәнекер құрылыс компа­ниясы» ЖШС-да учаске бас­шысы қызметін атқара­ды. 

Кейіпкеріміз 1960 жылы  Қызылорда облысы­­ның  Сырдария ауда­нына қарасты Шаған ауы­лында дүниеге келген. Өмір жолын  құрылыс са­ласына арнаған Қалдыбек Абдреевтің қажырлы еңбегі зор құрметке ие. Оның  қырық екі жыл бойы жасаған құрылыс нысандарында өзіндік қол­таңбасы қалған.

Алғаш еңбек жолын 1981 жылдың маусым айында  ПМК – 18 «Рис­совхозстрой»  мекемесіне IV разрядты тас қалаушы  болып бастаған. Сол ме­кемеде бірнеше айдан кейін шебер қызметкері болған. Бір жылдан кейін бас инженер қызметіне ауысып, төрт жылдан кейін  ӨТБ басшысы қызметіне дейін өскен.

Ал 1987 жылы Терең­өзек күріш совхозына ЖКО инжтеплотехник қызметіне жұмысқа ауысқан. Онда үш жыл  қызмет жасағаннан кейін шаруашылық про­рабы болған.

Аталған мекемеден 2012 жылы өз еркімен жұмыстан шығып, «Дәнекер құрылыс компаниясы» ЖШС-на прораб ретінде жұмысқа қабылданған. Серіктестікте алты жыл еңбек еткен кейіпкеріміз 2018 жылдан бастап  учаске басшысы  қызметіне дейін көтерілген.

«Дәнекер құрылыс ком­паниясы» ЖШС мекемесі кейіпкеріміздің тұрақты жұмыс орнына айналған. Бұл мекемеде еңбегі еленген Қалдыбек Абдыреев 2018 жылы құрылысшылар күніне орай алғыс хатпен марапатталған. Ал 2019 жылы «Қазақстанның құр­метті құрылысшысы» атты құрмет белгісін алған. 

Қазіргі таңда мекемедегі әріптестерімен бірге қала мен облыс аумағындағы ау­дандарда көптеген тұрғын үй мен ғимарат құрылыстарының, жол, ауызсу, аяқсуларды елді-мекендерге пайдалануға, түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, тұр­ғын үй нысандарының құ­рылыстарын салуға және қала орталығын көркейтуге атсалысып келеді.

205a0972-10c9-4b3b-bc18-491b98ec6216.jpg

f239f178-c4de-46dd-9da5-3c8ff37535f3.jpg

Тағы да оқыңыз: