Kyzylorda-news.kz  Үкімет қаулысымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мемлекет қорғауына берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкіметтің дерегіне сенсек, тиісті қаулыға елдің премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды. Түркістанда орналасқан Қожа Ахмет Йассауи кесенесі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген тұңғыш қазақ жері. Ол ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей ескерткіштеріне жатады.

"Нысанның қауіпсіздігін ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз етеді", – делінген құжатта.

Бұдан бірнеше күн бұрын Түркістанды дамыту жұмыстары ЮНЕСКО-мен келісілетіні белгілі болды.

Фото:kapital.kz

Тағы да оқыңыз: