Kyzylorda-news.kz Қазалыда Қазақстан Композиторлар Одағының құрылғанына – 85 жыл толуына орай «Қазақстан Композиторлар Одағы шақырады!» атты республикалық музыкалық - фестиваль және Қазалы ауданындағы іргелі өнер-білім ордасы Қорқыт ата атындағы өнер мектебінің – 60 жылдық мерейтойына арналған Композиторлар Одағымен бірлесе «Жаса, қазақ өнері!» атты гала-концерт өтті.

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен мерекелік концертте Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Шермағанбет сөз сөйлеп, Қазақстан Композиторлар Одағының 85 жылдығы және Қорқыт ата атындағы өнер мектебінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

- Биыл қазақ кәсіби музыкасының тұрақтап дамуына, кешегі халық мұрасын бүгінге дейін жеткізіп, тарихы қазақ халқының өмірімен тығыз байланысып жатқан Қазақстан Композиторлар одағының құрылғанына – 85 жыл толып отыр. Ал, біздің киелі өңірдегі талай дарындарды өнер әлеміне қадам бастырған Қорқыт Ата атындағы өнер мектебіне – 60 жыл.

Айтулы мерейтойларда ел мәдениеті мен өнерінің, қазақ музыка өнерінің дамуына, бүгінгі ұрпаққа насихаттау жолында аянбай еңбек етіп жүрген Қазақстан Композиторлар Одағы мүшелері мен барша өнерпаздарға шынайы алғысымды білдіремін, - деді Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Зинабдинұлы.

Сондай-ақ, Қазақстан Композиторлар Одағының төрағасы Серікжан Құттымбетұлы мен барша одақ мүшелеріне облыс әкімі мен аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.

Сонымен қатар, Композиторлар Одағы мен өнер мектебі ұжымына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық білім басқармасы басшыларының құттықтаулары табысталды.

Мұнан соң музыкалық – фестивалде аудандық Мырза атындағы халық аспаптар оркестрі, өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары Композиторлар Одағы мүшелерінің танымал шығармаларын орындап, қазалылық көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Айта кеткен жөн, Қазалы ауданында екі күн Қазақстан Композиторлар Одағы мүшелерінің қатысуымен мерейтойлар аясында түрлі іс-шаралар өтті.

Тағы да оқыңыз: