Kyzylorda-news.kz. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен жерлесіміз, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Жадыра – Жайна» продюсерлік орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Ішкі Әскер «Жадыра – Жайна» би тобының жетекшісі, өнерлі жастардың демеушісі, ауылымыздың мақтанышы Күлшар Айдаулетқызымен «Қайсар ғұмыр» атты кездесу кеші болып өтті.

Кездесу кешінде Күлшар Айдаулетқызына өмір жолынан сұрақтар қойылып, өнер әлеміне қадам басқалы жатқан жастарға бірқатар кеңестер айтылды. Көрермендер тарапынан да сұрақтар қойылды және де ән үйірмесінің мүшелері ән айтып кештің көркін қыздырды.
Кеш соңында Майдакөл ауылдық округі әкімі Қ. Құрманбаев кеш иесін құттықтап, аудан әкімі М.Оразбаевтың алғыс хатымен марапаттады.

Мұнан соң медицина саласының ардагері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Болат Садуов ағамыз, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Бекжанова Құралай апайымыз ел халықтың атынан, қазақы дәстүрмен сый-сияпатын көрсетіп, бата тілектерін білдірді.

Кеш иесі Күлшар Айдаулетқызы өз алғысын білдіріп, ауылдық мәдениет үйіне сахналық көйлектер сыйға тартты.

Тағы да оқыңыз: