Kyzylorda-news.kz Наурызнама онкүндігінің үшінші күні - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Соған сәйкес бүгін Қазалы қаласында “Салт-дәстүрім - байлығым” атты шара ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.
Шараны Қазалы қаласының әкімі Қайрақбай Орынбасаров ашып, көпшілікті көктемнің шуақты күндерінде кеңінен насихатталып жатқан мерекемен құттықтап, лебізін білдірді.
Мұнан соң қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалап, көрмеге қойылған бұйымдарға оң бағасын берді.
Кеште ерекше қойылымдар сахналанып, әжелер ансамблі әуеле ән салды.