Kyzylorda-news.kz XXXIV Халықаралық «Витебск-2025» эстрадалық ән орындаушылары байқауында Гран-при жүлдесі қазақстандық Алмагүл Батталиеваға бұйырды, деп хабарлайды Қазақпарат БЕЛТА сайтына сілтеме жасап.

Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық фестивалінің жас орындаушыларға арналған беделді байқауында қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева жеңіске жетіп, Гран-при иегері атанды. Екі күнге созылған байқау қорытындысы бойынша ол 137 ұпай жинады. Финалда әнші жүрек тебірентерлік «Вечность» әнін орындап, көрермендердің қошеметіне және қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Бірінші орын беларусиялық Валерия Бернатовичке бұйырса, екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера бөлісті. Ал үшінші орынды ресейлік Эрик Ахметов пен қырғызстандық Рыскелді Сарбеков иеленді.

Қазақстандық әнші 2.jpg

Фото: БЕЛТА

Тағы да оқыңыз: