Kyzylorda-news.kz. Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов биылғы атаулы даталар жайында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Былтыр ғұлама ғалым, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, 2023 жылғы атаулы даталарды жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет», - деді Премьер-Министрінің орынбасары  Алтай Көлгінов.

Үкімет басшысының орынбасары биылғы атаулы даталарға тоқталды.

«Биыл даңқты бабамыз, Ұлы Қолбасшысы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын, көрнекті мемлекет қайраткері, өнер саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығын атап өтеміз», - деді Алтай Көлгінов. 

Тағы да оқыңыз: