Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласының астана болып жарияланғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауында Қармақшы ауданының өнер ұжымдары жоғары дайындық пен кәсіби шеберліктің нәтижесінде жүлделі І орынды иеленді.

Байқау аясында аудан атынан қатысқан өнерпаздар тарихи тақырыпты көркем жеткізіп, туған өлке рухын сахнада жан-жақты ашып көрсетті. Әрбір қойылым мазмұны мен көркемдік деңгейі жағынан жоғары бағаланып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Бұл жетістік – Қармақшы ауданының өнер мен мәдениет саласындағы жүйелі жұмысының жемісі. Рухты жаңғыртып, ауданның мәртебесін биіктеткен барлық қатысушылар мен шығармашылық топтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Қармақшы – өнердің ордасы, рухтың мекені!

Айта кетейік, аталған байқау – туған өлкенің рухани мұрасын ұлықтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған игі шара.

Мұндай өнер байқаулары Сыр өңірінде жиі ұйымдастырылып тұрады. Аталған байқау сырбойылық көрермендердің рухын көтеріп, рухани мәдениетін байытуға үлкен септігін тигізеді.

Тағы да оқыңыз: