Kyzylorda-news.kz Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің бесінші күні – Ұлттық киім күні. Қазақтың ұлттық киімі – бұл халықтың тарихы, мәдениеті мен жаны. Осы орайда бүгін Қармақшыдағы Көшеней Рүстембекұлы атындағы аудандық жыраулар үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киімдер шеруі» өтті. Қармақшы ауданының өнерпаздары мен жас шәкірттердің бастамасымен үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек пен кимешекті аналар және шапан киген ерлер ұлттық киімдерді паш етті. Шара барысында шеру қатысушылары аудан орталығындағы сауда орталықтарын аралап, ұлттық киімдерімізді халық арасында насихаттады.
Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленіп келді. Ұлттық киім күні – бұл жеке даралығын киім арқылы білдіру, еліміздің бірлігі мен мәдени әртүрлілігін қолдау мүмкіндігі.
Ұлттық стиль еліміздің тұрғындардың ұлттық сипаты мен бірлігін бейнелейтін мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Мереке қарсаңында Қармақшы жұртшылығы түгел ұлттық киімді ұлықтады.
Еске салайық, 21-25 наурыз аралығында 2024 жылдың ең ұзақ мерекелік демалыстары басталады. Осы апта қазақстандықтар небәрі 3 күн жұмыс істейді.
Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлау аптасы басталды. Бұл мерекеде қазақстандықтар бес күн қатарынан демалатын болады.